Ынтымақтастықтың қырлары кеңейіп келеді

2023 жылғы 04 мамырда Қарағанды индустриялық университетінің ғалымдары мен оқытушылары тобы және Ульяновск мемлекеттік техникалық университетінің профессоры А.В. Тамьяров (Ульяновск қаласы, Ресей Федерациясы) «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі мен Қарағанды фармацевтикалық зауытының зертханалары мен өндірістік учаскелерінде болды.

Кездесу қорытындысы бойынша «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ, Қарағанды индустриялық университеті мен Қарағанды фармацевтикалық зауыты арасында Ғылыми-техникалық ынтымақтастық және фармацевтикалық өндіріс технологиясы бойынша мамандар даярлау бойынша меморандум жасалды.

FaLang translation system by Faboba