ҒЫЛЫМ ӘЛЕМІНЕ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАР

Осы жылдың 15 маусымында «Туған елге тағзым» экспедициясының қатысушылары – Қарағанды қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінің зертханаларында, табиғи флора және эндемикалық өсімдіктер учаскелерінде болды.

Жас қонақтар кеппешөп қорымен, эндемикалық өсімдіктер түрлерімен, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдік түрлерін сақтау мен көбейту әдістерімен танысты.

Зертханаларда оқушылар өсімдік шикізатынан биологиялық белсенді қосылыстарды бөліп алу мен тазарту процестерімен егжей-тегжейлі танысты.

Болашақ биологтар мен фитохимиктер жануарханаға және дәрілік субстанциялар мен жаңа фитопрепараттарды фармакологиялық зерттеу бойынша эксперименттік жануарлармен жұмыс істеуге үлкен қызығушылық танытты.

Оқушылардың бұл сапары мен ғылыми-өндірістік кәсіпорын бөлімшелерімен танысуы «Фитохимия» ХҒӨХ» АҚ және НЗМ ұжымдары арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың жалғасы болып табылады.

FaLang translation system by Faboba