Изопреноидтар жөніндегі 25-ші конференция қатысушыларына арнайы хабарландыру

Құрметті қатысушылар!

Ғылыми және Ұйымдастыру комитеттерінің шешімімен Изопреноидтар жөніндегі 25-ші конференция коронавирус (COVID-19) індетіне байланысты 2021 жылдың 8-10 қыркүйегіне ауыстырылғанын хабарлаймыз.

Егер бұл шешім ыңғайсыздық тудырып, Сіздің жоспарыңызды бұзса, кешірім сұраймыз. Бірақ біз осы белгісіздік уақытында денсаулық пен амандық ең маңызды деп санаймыз. Қауіпсіздікте болуыңызды өтінеміз және 2021 жылдың қыркүйек айында Сіздерді Қазақстанда қарсы алуға үміттенеміз.

Біздің команда Сізді конференцияға қатысты кез келген оқиғалардан хабардар ететін болады. Конференцияның ресми сайтына кіруді ұмытпаңыз isoprenoids25.phyto.kz және егер Сізде қандай да бір сұрақтар туындап жатса, бізге хабарласыңыз.

FaLang translation system by Faboba