XXV Конференция по Изопреноидам 2020 года

FaLang translation system by Faboba
 

Изопреноидтар бойынша XXV Халықаралық ғылыми конференция

Изопреноидтар бойынша XXV Халықаралық ғылыми конференция Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласында 2023 жылғы 11-13 қыркүйек аралығында өтеді. Ұйымдастыру комитеті Сізді және әріптестеріңізді іс-шараға қатысуға шақырады!

Конференция "Фитохимия" халықаралық ғылыми-өндірістік холдингімен (Қазақстан), Чехия химиялық қоғамымен және Изопреноидтар қоғамымен ұйымдастырылды. Форум Еуропа химиялық қоғамының, Еуропа фитохимиялық қоғамының, Корольдік химиялық қоғамның (Ұлыбритания), COMSTECH исламдық ынтымақтастық ұйымы Комитетінің (Пәкістан), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен өткізіледі.

Изопреноидтар бойынша конференция 1966 жылдан бастап Чехия Республикасында және Польша Республикасында өткізілетін ғылыми кездесулер дәстүрінің жалғасы болып табылады. Осыған дейін мұндай кездесулер тек Еуропа аумағында ғана өткізіліп келген.

2021 жылы өтетін Изопреноидтар бойынша XXV конференция – бұл Азияда алғашқы рет өткізілгелі отырған ғылыми форум.
Осындай халықаралық мамандандырылған іс-шараның Қарағанды қаласында өткізілуі Қазақстанды тек әлемдік ғылыми қауымдастыққа бірқатар талантты ғалымдарды шығарған мемлекет ретінде ғана емес, ғылыми әлеуеті зор мемлекет ретінде де мойындау болып табылады.

Аталған конференция табиғи қосылыстар химиясы және түпнұсқалы дәрілік заттар технологияларымен алмасуға арналған ғаламдық алаң болып табылады. Дүние жүзінің 30 астам елінен химия, дәрі-дәрмектер технологиялары, медицина, фармацевтика ғылымдары салаларындағы 120 астам ғалымдар қатысады деп жоспарланған. Ғылыми қоғамның қолдауынан басқа, химия және дәрілік препараттар технологиялары салаларындағы көшбасшы халықаралық фармацевтикалық компаниялардың өкілдерінің қатысуы күтіледі. Осылайша, ғылым мен бизнес синергиясы, инновациялық технологиялар трансферті конференциясының шеңберінде оның алатын орны маңызды болады және біздің еліміздің фармацевтика және химия өнеркәсібі салаларын дамыту мен инвестицияларды арттыру катализаторы болады.

Бұдан басқа, тек Қазақстанның ғана емес, басқа да көптеген мемлекеттердің талантты ғалымдары мен үздік студенттерінің қатысуы жоспарланған, бұл Конференцияның ғылыми прогресс және оның дамуына қосатын дәстүрлі және маңызды үлесі болып табылады. Конференция жұмысы барысында жастарды ғылымға тарта отырып, жас ғалымдардың зерттеулерін дамыту мен мадақтауға бағытталған жекелеген іс-шаралар өткізу қарастырылған.

Бағдарлама келесі тақырыптарды қамтитын болады:

● Табиғи изопреноидтар химиясы. Табиғи көздерден іздеу. Биосинтез және метаболизм. Молекулалардың толық синтезі. Құрылымдық талдау.

● Изопреноидты қосылыстарды фармакологиялық зерттеу және олардың практикалық қолданылуы.

● Изопреноидтаржыңмолекулалық-биологиялық, гендік-инженерлік, экологиялық аспектілері.

● Изопреноидтар негізіндегі түпнұсқалы дәрілік препараттарды өндіру технологиясы.

Конференцияның ресми тілі: ағылшын

Бізбен қалай хабарласуға болады:

Веб сайт: www.isoprenoids25.phyto.kz

Email: isoprenoids25@phyto.kz

Тел.: +7 (7212) 43-39-10

Мекенжайы: 100009, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., М.Ғазалиев, 4