Француз серіктестерімен ынтымақтастық кеңейіп келеді
«Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы бірнеше жылдар бойы француз университеттері мен өндірістік компаниялармен ынтымақтастықты жүзеге асырып келеді.
Париждегі Францияның орталық гербарий қорында Artemisia glabella Kar. et Kir. (тықыр жусан) гербарийі сақтаулы. Жусанның бұл түрін ресейлік ботаниктер Г.С. Карелин мен И.П. Кирилов алғаш ашып, 1840 жылы Қарқаралы тауларынан жинап алған.
Бұл эндемикалық жусан ісікке қарсы «Арглабин» препаратының жалғыз көзі болып шықты.
![]() |
|
Профессор Alain Berthod-пен (Лион университеті, Франция) бірге қазақстандық өсімдіктерден алынған сесквитерпенді лактондардың құрамына хроматографиялық зерттеулер жүргізілуде.
Францияның Kromaton (Annonay, Франция) компаниясының қатысуымен «Фитохимия» ҒӨО тәжірибелік фармацевтикалық өндірісіне өсімдіктерден сығынды заттардың сомасын бөлу және тазарту кезінде көп еңбекті қажет ететін, жоғары шығынды классикалық бағаналы хроматографиядан бас тартуға мүмкіндік берген жоғары тиімді жеделдетілген ортадан тепкіш хроматография (FCPC-HPLC) енгізілді.
|
![]() |
Профессор Rene Lafont-пен (Сорбонна университеті, Франция) Қазақстанның эндемикалық өсімдіктерінен алынған стероидты қосылыстарға бірлескен зерттеулер жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 26 маусымында «Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығының зертханаларында, тәжірибелік фармацевтикалық өндірісінде Évry Paris-Saclay University студенттері Мэттью Перрисо мен Натон Макоко (Эври-Куркуронн қаласы, Франция) болды. Évry Paris-Saclay University студенттері клиникада бірегей фитопрепараттарды қолдану кезіндегі орталықтың биохимия, молекулалық биология, фармакогенетика саласындағы әзірлемелеріне қызығушылық танытты.
![]() |
![]() |




