Қазақстандық фармацевтикалық өндіріске қытайлық инвестиция
2026 жылғы 26 тамызда «Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы» АҚ зертханалары мен тәжірибелік фармацевтикалық өндірісіне Қытай мен Қазақстанның дәстүрлі қытай медицинасының жасанды интеллектісін цифрлық дамыту жөніндегі жұмыс комитетінің арнайы өкілі Чэнь Цзэхао бастаған, құрамына Ян Хуэй, «Янцзыцзян» фармацевтикалық тобының шетелдік операциялар департаментінің басшысы; Тун Цзинхуэй, «China International Construction» компаниясының Орталық Азия аймағының басшысы; Сун Юлян, China International Construction, Орталық Азия аймағы; Лю Сяомин, Қытай-Қазақстан мәдени-экономикалық ынтымақтастық қауымдастығының атқарушы төрағасы; Лю Цзюньфан, Huai'an Tiancheng Sanitary Products Co., Ltd. компаниясының сыртқы нарықтар бойынша бас менеджері, Қытайдың халық әл-ауқаты мәселелері бойынша зерттеу тобы басшысының орынбасары кірген «Янцзыцзян» фармацевтикалық тобының (ҚХР) делегациясы сапармен келді.
Қытай делегациясының сапары барысында ынтымақтастық, қазақстандық өсімдік шикізатынан субстанцияны Қытайға жеткізу үшін фармацевтикалық өндірісті кеңейту мәселелері талқыланды.
![]() |
|
![]() |
|
«Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы» АҚ базасындағы фармацевтикалық өндірісті кеңейту жөніндегі қазақстандық-қытайлық жоба қытайлық инвестиция есебінен өсімдік шикізатын өңдеу бойынша заманауи технологияларды тарта отырып, отандық дәрілік шикізат негізінде бірегей қазақстандық препараттардың сұрыпталымын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Аталған жобаны іске асыру қытайлық фармацевтикалық компаниялармен ынтымақтастықтың әлеуетті мүмкіндіктерін, Қытайда бірегей қазақстандық дәрілік препараттарды тіркеуді, дәстүрлі қытай медицинасында бірегей қазақстандық фитопрепараттарды қолдану перспективаларын ашады.
![]() |
![]() |
|
![]() |
Бұл бағыттағы негізгі факторлар шикізаттың жергілікті қолжетімділігі және импортқа тәуелділікті азайту қажеттілігі болып қала береді, бұл дәрілік өсімдік шикізатын алу және өңдеу процестеріне өндіріс шығындарын азайтуға және өнім сапасын арттыруға ықпал ететін инновациялық технологияларды енгізуді талап етеді.
Қытай тарапынан ұсынылатын заманауи технологиялар мен отандық шикізатты бірегей фитопрепараттарды өндіру үшін пайдалану олардың ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, олардың тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.
Сапар қорытындысы бойынша «Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы» АҚ (Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы) мен «Янцзыцзян» фармацевтикалық компаниясы (Қытай Халық Республикасы) арасында бірлескен жұмыс туралы ниет хаттамасына қол қойылды.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |









